Бастама волонтерлік пен қайырымдылық мәдениетін дамытуға бағытталған.
Қазақстанда «Мейірімділік апталығы» басталды
Фото: iStock
95
оқылды

Қазақстанда «Игі істер марафоны» республикалық жобасы аясында 20-26 сәуір аралығында өтетін «Мейірімділік апталығы» басталды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Бір апта бойы ел көлемінде мемлекеттік органдар, білім беру және медициналық мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлердің қатысуымен түрлі игі іс-шаралар мен акциялар өткізіледі. Әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға қолдау көрсетуге, жануарларға жауапкершілікпен қарауға және қоршаған ортаны қорғауға баса мән беріледі.

Жоба қазақстандықтарды игі істерге жұмылдырып, қоғамдағы бірлікті нығайтуды, қайырымдылық пен адамгершілік құндылықтарын кеңінен дәріптеуді көздейді. Республика бойынша іс-шараларға мыңдаған адам қатыспақ.

«Кішкентай қадам – үлкен өзгеріс!» ұранымен жүзеге асып жатқан бастама әр адамның үлесі маңызды екенін айқындайды.

Акцияға кез келген адам әлеуметтік желілерде өз игі істерімен бөлісіп, #ИгіІстерМарафоны2026, #МарафонДобрыхДел2026 және #MarathonOfGoodDeeds2026 хэштегтерін белгілеу арқылы қосыла алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.