Кітап апталығының бесінші күнінде кітапханаларда квест-ойындар, вернисаждар, зияткерлік сайыстар, шығармашылық кездесулер, поэзия кештері мен түрлі интерактивті бағдарламалар ұсынылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Атап айтқанда, Алматы қаласында «Айқас» зияткерлік ойыны өткізілді. Батыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарлама ұйымдастырылды. Жамбыл облысында көпшілік «Түнгі кітап әлеміне саяхат» атты танымдық іс-шарасына қатысты. Атырау облысында Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романын талқылау кеші өтті.
Жалпы, республика бойынша 400-ден астам іс-шара өткізіліп, оған 15 мыңға жуық адам қатысты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.
