Кіші сержант Нұркелді Жайылхан – осы мүмкіндікті пайдаланған сарбаздардың бірі. Ол ҚР ІІМ Ұлттық ұланының оқу орталығында арнайы дайындықтан өтіп, әскери шенге ие болды, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Қазіргі уақытта Астана қаласындағы 5573 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүр.
Айта кетейік, оқу орталығында алғаш рет білімі мен біліктілігін дәлелдеген үздік сарбаздарға кіші сержант шені табысталды. Іріктелген жауынгерлер оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, тағылымдамадан кейін жас сарбаздарды үйретуге тартылды.
Бүгінде олар дабыл кезінде бөлімшені ұйымдастырып, жауынгерлік тапсырмаларды орындауға жетекшілік етеді. Сонымен қатар патрульдік топ бастығы ретінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысады.
Жалпы, бұл мүмкіндік 30 сарбазға берілді. Бастаманың тиімділігі – сарбаздар әскери қызметтен кейін уақыт жоғалтпай, күштік құрылымдарда қызметті бірден кіші сержант шенінен бастай алады.
Бұл жоба жас әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, олардың қызметке деген ынтасын едәуір күшейтіп отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.
