2025 жылы 17 мың шақырым электр беру желілеріне және 420 қосалқы стансаға күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл желілердің тозу деңгейін 66%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде электр желілеріндегі апаттылық 13%-ға, яғни 3140 технологиялық бұзушылыққа азайды.
Биыл да 17 мың шақырым электр желілерін жөндеу қамтылған, оның ішінде:
Ақмола облысы – 2,5 мың км
Астана – 153 км
Ақтөбе облысы – 467 км
Алматы облысы – 351 км
Алматы – 264 км
Атырау облысы – 430 км
ШҚО – 756 км
Жамбыл облысы – 1,8 мың км
БҚО – 366 км
Қарағанды облысы – 1,1 мың км
Қостанай облысы – 731 км
Қызылорда облысы – 115 км
Маңғыстау облысы – 560 км
Павлодар облысы – 2,4 мың км
СҚО – 1,1 мың км
Түркістан облысы – 677 км
Шымкент – 67 км
Абай облысы – 769 км
Жетісу облысы – 422 км
Ұлытау облысы – 1,8 мың км
Сонымен қатар 444 қосалқы стансаны, сондай-ақ 3,4 мың тарату пунктін және трансформаторлық қосалқы стансаларды жөндеу көзделген.
Жоспарланған шараларды іске асыру электр желілерінің орташа тозу деңгейін қосымша 65%-ға дейін төмендетуге, электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.
