Келінінің 26 жасқа толған күніне орай ақ тілегін арнап, автокөліктің кілтін табыстады.
Айнұр Тұрсынбаева келініне қымбат көлік сыйлады (видео)
87
оқылды

Айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева келініне бағалы сый жасады, – деп жазды Aikyn.kz.

Келінінің 26 жасқа толған күніне орай ақ тілегін арнап, автокөліктің кілтін табыстады. Ақын келінінің тәрбиесіне ризашылығын білдіріп, оны өсірген құда-құдағиына алғыс айтты.

«Бүгін ақ келініміз 26 жасқа толып жатыр... Осындай қызды өсірген құда-құдағиға мың алғыс! Бағың бес елі болсын, алтыным! Үбірлі-шүбірлі бол, аяулы ана, сүйікті жар болып, бақытты бол! Біз сені өте жақсы көреміз», - деді Айнұр Тұрсынбаева. 

Желі қолданушылары ақынның жомарттығына тәнті болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.