Ұлттық кітап күніне арналған кітап апталығына 200 мыңға жуық оқырман қатысты.
Бүгін – Ұлттық кітап күні
Фото: gov.kz
100
оқылды

2024 жылы Үкімет қаулысымен 23 сәуір ресми түрде Ұлттық кітап күні болып бекітілді. Бұл күн кітаптың қоғамдағы рухани, мәдени және ағартушылық рөлін айқындай түседі, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Ұлттық кітап күніне арналған кітап апталығы аясында бүгін ел көлемінде кеше соңғы күн «Кітап – достық амбассадоры» атауымен өтті. Бұл күн отандық әдебиетті шетел оқырманы арасында насихаттауға бағытталды.

Кітап апталығының соңғы күнінде республика бойынша кітапханаларда, мәдениет және білім беру ұйымдарында шығармалары шет тілдерге аударылған қазақстандық авторлардың, сондай-ақ кәсіби аудармашылар мен баспагерлердің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Астанада IX «Astana Eurasian Book Fair – 2026» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында кітап таныстырылымдары өтіп, Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған «Ғасырдың ғаламат ақыны» көрмесі ұсынылды. Алматы қаласында «Әлемді біріктірген – Қазақ кітабы» атты әдеби квест өткізіліп, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің шет тілдердегі аудармалары таныстырылды. Сондай-ақ «Қазақ әдебиеті – әлем тілдерінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жалпы, кітап апталығы аясында ел көлемінде өткен іс-шараларға 200 мыңға жуық адам қатысты.

Бүгін, 23 сәуір күні Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күні атап өтіледі. Атаулы күн халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, оқу мәдениетін жаңғыртуға және зияткерлік әлеуетті дамытуға бағытталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.