Өнер иесі әкесі алып берген үйді «ескі» деп қабылдап, не себепті намыстанып жылайтынын түсіндірді.
«Әдемі үйде тұрмасам да, құрметтейтін»: Жазира Байырбекова балалық шағын еске алды
181
оқылды

Танымал әнші Жазира Байырбекова балалық шағын еске алып, сол кездегі ішкі сезімі жайлы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өнер иесі әкесі алып берген үйді «ескі» деп қабылдап, не себепті намыстанып жылайтынын түсіндірді.

— Бұл менің болмысым ба, әлде жаратылысым ба — білмеймін. Кішкентай кезімнен әкеммен бірге гастрольдік сапарларға жиі шығатынмын. Әртүрлі үйлерге барып, қонақ болатынбыз. Сол кезде бізді өнер адамдары ретінде ерекше құрметтеп қарсы алатын. Сондай сәттерде «өзім осындай әдемі үйде тұрмасам, бұл адамдар мені қалай құрметтеп жатыр?» деп ойлайтынмын, — дейді әнші.

Оның айтуынша, бала күнінде өз жағдайын өзгелермен салыстырып, жақсы тұрмысты армандаған.

— Мені құрметтеген адамдармен өзімнің материалдық жағдайымды да, өнерімді де іштей салыстыратынмын. Мектепке автобуспен бара жатып, «ең болмағанда осындай үйіміз болса ғой» деп армандайтынмын. Қазір де комфортты жақсы көремін, — деді Жазира Байырбекова.