АҚШ Қорғаныс министрлігі Украинадағы соғыс тәжірибесіне ұқсас дрон шабуылын арнайы жаттығу кезінде қайталап көрді, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Defense One басылымының жазуынша, Флоридадағы әуе базасында өткен бұл сынақта түрлі типтегі дрондар қолданылып, олардың радарға және радиоэлектрондық тосқауылдарға төзімділігі тексерілді.
Жаттығу нәтижесінде АҚШ-тың дрондарға қарсы қорғаныс жүйесінде бірқатар әлсіз тұстар анықталды. Әсіресе әртүрлі сенсорлар мен жүйелерден келетін ақпаратты біріктіру мәселесі өзекті екені белгілі болды. Осыдан кейін Пентагон дрондарды анықтау мен жою жүйелерін біріктіретін жаңа ортақ бағдарламалық шешім енгізе бастады.
Сондай-ақ әскери басшылық қымбат зымырандардың орнына арзан әрі тиімді қарсы-дрон құралдарын дамыту қажет екенін атап өтті. Соңғы апталарда бұл бағытқа 600 миллион доллардан астам қаржы бөлінген, ал 2027 жылға арналған бюджетте дрон технологиясына 75 миллиард доллар сұралған.
