Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды
Алматыда «Асыл Арман» тұрғын үй кешені өртенді
instagram/kris_p_almata
232
оқылды

Алматыда «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабаттарындағы пәтерлерде өрт шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Алдын ала мәлімет бойынша, жалын бірнеше пәтерді қамтыған.

Баспалдақ арқылы 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала бар. Сондай-ақ 20 адам өз бетінше эвакуацияланды, олардың 5-еуі – балалар. Өрт сөндіру бөлімшелері жоғарылатылған шақыру нөмірі бойынша жұмыс істеді. Өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ТЖМ ресми хабарламасында