Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы блогерлердің шынайылығы төңірегіндегі пікірталасқа қатысты ойын білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол 30 жылдық тәжірибесінде түрлі сынақтарды бастан өткергенін айтып, кейде шындықты айту оңайға соқпағанын жасырмады. Оның сөзінше, бұл жолда соттасқан да, қателескен де, батыл пікір айтқан сәттері де болған.
Сондай-ақ ол блогер Назым Жангазинова көтерген шынайылық тақырыбын өзекті деп бағалады. Айтуынша, ар-ожданын қорғау үшін тәуекелге барып, жалғыз қалған кездері де кездескен.
«30 жылда бәрін көрдік: соттастық та, қателестік те, турасын айттық. Кейде ар-ожданымды қорғаймын деп басымды қатерге тігіп, жалғыз қалған сәттерім де болды. Ал шын қолдау офлайн өмірде қасыңда жүрген адамдардан келеді», – деді ол.
