Үкім жарияланғаннан кейін блогерлер ерлі-зайыпты Жанабыловтар сот пен прокуратураға, сондай-ақ қазақстандықтарға алғыс білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Видеоны олардың адвокаты Гауһар Айтжанова жариялаған.
Онда Эльмира Төлегенова мен Ерболат Жанабылов өз қателіктерін түсінгендерін айтып, көпшілікті мұндай әрекеттерден аулақ болуға шақырған.
«Сотқа және прокуратураға қабылданған шешім үшін алғыс айтамыз. Бізді қолдаған, жылы лебізін білдірген барша отандастарымызға да рақмет. Өз қатемізді түсіндік, мұндайды қайталамаңыздар», – деді олар үндеуінде.
Айта кетейік, блогерлер қоғам қолдауын сезінгенін айтып, елдің тілегі өздеріне үлкен күш бергенін жеткізді.
