Қазгидромет 29 сәуірде бірқатар өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Астанада түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Ақмола облысында таңертең және күндіз батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде шығысында 1 градус үсік болады.
Солтүстік Қазақстан облысында батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15–20 м/с жетеді. Батысында өрт қаупі жоғары.
Қостанай облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Қостанай қаласында да түнде және таңертең жаңбыр, найзағай ойнайды.
Павлодар облысында түнде шығысында 1 градус үсік болады. Солтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Қарағанды облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, оңтүстігінде екпіні 15 м/с дейін жетеді. Түнде шығысында 1 градус үсік жүреді.
Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік, солтүстік-шығыстан соғады, батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады. Түнде солтүстігінде және шығысында 3 градус үсік жүреді.
Абай облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында, күндіз оңтүстік-батысында екпіні 15–20 м/с жетеді. Түнде батысында және орталығында 2 градус үсік болады. Орталығында өрт қаупі сақталады.
Алматы қаласы мен Алматы облысында мол жауын-шашынға байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендері алабында (2800 метрден жоғары биіктікте) қар көшкіні жүру қаупі сақталады.
Жетісу облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, шығысында екпіні 15–20, кей кездері 25 м/с дейін жетеді. Шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында таулы аудандарда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең таулы жерлерде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда екпіні 15–20 м/с болады.
Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан, таулы аудандарда екпіні 15–20 м/с.
Қызылорда облысының шығысында өрт қаупі жоғары.
Ақтөбе облысында түнде және таңертең батысында, орталығында тұман түседі. Батысында және солтүстігінде 2 градус үсік болады. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Атырау облысының оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, оңтүстігінде және шығысында бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең солтүстік-шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, оңтүстігінде және орталығында екпіні 15–18 м/с жетеді. Ақтау қаласында күндіз жаңбыр, найзағай болады.
Батыс Қазақстан облысында күндіз солтүстік-батысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз батысында және солтүстігінде екпіні 15–20 м/с жетеді. Түнде солтүстігінде және шығысында 3 градус үсік жүреді. Орал қаласында күндіз аздаған жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с жетеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
