Алаяқтар Apple компаниясының атынан электронды пошта арқылы хабарлама жіберіп, iCloud қоймасы толып қалды деген хат жібереді.
iPhone қолданушыларының назарына: алаяқтар iCloud арқылы алдауда
Фото: iStock
93
оқылды

The Guardian басылымының хабарлауынша, алаяқтар iPhone қолданушыларын зиянды сілтемелерге өтуді мәжбүрлейтін жаңа тәсілді қолдана бастады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Бұл әдіс әсіресе көктемде кеңінен таралған. Алаяқтар Apple компаниясының атынан электронды пошта арқылы хабарлама жіберіп, iCloud қоймасы толып қалды деп ескертеді.

Хабарламада егер шұғыл әрекет жасалмаса, барлық деректің жойылатыны айтылып, арнайы сілтеме ұсынылады. Алайда бұл сілтеме фишингтік сайтқа жібереді.
Мамандардың айтуынша, мұндай хаттар ресми хабарламаға өте ұқсас. Себебі Apple компаниясы шынымен де iCloud жады толғанда ескерту жіберуі мүмкін.

Сонымен қатар алаяқтар «төлем өтпеді» немесе «банк картасының мерзімі аяқталды» деген жалған ақпарат таратады.

Алаяқтық хаттың белгілері: күмәнді электронды пошта адресі; жедел әрекет етуге мәжбүрлеу; мәтіндегі орфографиялық қателер. Сарапшылар мұндай хабарламаларды елемеуге немесе бірден маңызы жоқ хабарлама ретінде белгілеуге кеңес береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.