– Біз Қазақстанды стратегиялық серіктес санаймыз. Бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты тауар айналымының көлемін арттырамыз деп сенемін. Ең алдымен, энергетика саласындағы ықпалдастықты нығайтқымыз келеді. Сіздің елден ұзақмерзімді мұнай тасымалына мүдделіміз. Энергетика саласын дамыту стратегиямыз атом энергиясына арқа сүйейді. Сондықтан Қазақстанға әлемдегі уран өндіретін ірі мемлекет ретінде де қызығушылық танытамыз, – деді Чехия премьер-министрі.
Чех Үкіметінің басшысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі қуат өндірудің әртараптандырылған тәсіліне негізделгеніне мән берді.
Сондай-ақ ол чех компанияларының аталған салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.
Андрей Бабиш Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа Конституция қабылдау бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтап, бұған мемлекеттілікті нығайтатын және елді жарқын болашаққа жетелейтін маңызды қадам ретінде баға берді.

