Астана қаласындағы Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония концерт залында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы ән-би ансамблінің солисі Асхат Әмірғалидің “Биіктік” атты шығармашылық кеші өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сахнада бардтық, патриоттық және лирикалық жанрдағы әндер жанды дауыста орындалып, концерт Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің кәсіби сүйемелдеуімен жоғары деңгейде өрбіді.

Шығармашылық кешке арнайы шақырылған өнер майталмандары Нұрлан Өнербаев, Ақбота Керімбекова, Ұлықпан Жолдасов, Абыл Аяш, Асылбек Манап, сондай-ақ Ұлттық ұлан сапындағы әріптестері Ғайни Жұмашева, Нұрсұлтан Қарабалиев және "Дәуір" тобы өнер көрсетіп, кештің мазмұнын айшықтай түсті.

Лейтенант Асхат Әмірғали – халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Ол Ұлттық ұланның өнер ұжымында абыройлы қызмет атқарып, ел көлеміндегі мәдени іс-шараларға белсенді қатысып келеді.
Кеш финалында көпшілік ықыласына ие болған «Сәйгүлік» әні шырқалып, концерт әсерлі нотада қорытындыланды.
