Қызылорда облысында күндіз батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауса, кей жерлерде дауылды жел болады.
Найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады: 30 сәуірге ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
108
оқылды

Қазгидромет 30 сәуірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.  

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақтөбе облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде нөсер жаңбыр, ал орталығы мен шығысында бұршақ пен дауылды жел болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбеде де күндіз жаңбыр, кейде нөсер жаңбыр жауады және найзағай ойнайды.

Жетісу облысында жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді, Алакөл маңында екпіні 23–28 м/с-қа жетуі мүмкін. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында күндіз батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауса, кей жерлерде дауылды жел болады. Солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, орталығы мен оңтүстігінде де өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында да жоғары өрт қаупі бар.

Қостанай облысында батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр мен найзағай болады. Қостанай қаласында да жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды.

Батыс Қазақстан облысында батысында күндіз жаңбыр мен найзағай болжанған. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі, кей жерлерде -2°C дейін үсік жүруі мүмкін. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман, ал топырақ бетінде үсік жүреді.

Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, оңтүстігінде бұршақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең солтүстік-шығысында тұман түсу ықтимал. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтауда жаңбыр мен найзағай болады.

Қарағанды облысында желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау облысының шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Орталығында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең оңтүстігінде тұман түседі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Батысында жоғары өрт қаупі бар.

Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз өткінші жаңбыр, найзағай және дауылды жел болуы мүмкін. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман болады. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.