20 жастағы жасырын жеткізуші болып жұмыс істеген.
"12 жылға дейін сотталуы мүмкін": Алматыда есірткі курьері ұсталды
фото: www.istockphoto.com
120
оқылды

Ішкі істер министрлігі "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру аясында елде есірткінің таралуына жол бермеу мақсатында өткен іс-шаралардың арқасында Алматыда есірткі курьері ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Нәтижесінде, интернет-дүкеннің бір тармағының қызметі тоқтатылды. Онда 20 жастағы жасырын жеткізуші болып жұмыс істеген.

Жеке тінту барысында наркокурьерден 127 орам мефедрон, таратуға дайындалған 2 мың "экстази" таблеткасы, сондай-ақ тұрғылықты жерінен шамамен 1 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Жалпы салмағы  2,5 келі.

20 жастағы жігіт төлемді криптовалюта арқылы алған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.