Блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желіде видео жариялап, өзіне қатысты ақпаратқа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, қамауға алынбаған және Вьетнамда жүр. Блогер көші-қон мәселесіне байланысты паспорты уақытша алынғанын айтты.
Ол көпшіліктен дұғада болуды сұрады.
Айта кетейік, бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі блогердің Вьетнамда ұсталғаны туралы ақпарат жариялаған болатын.
Қайсар Қамза әлеуметтік желілерде онлайн-казино жарнамаларын жүйелі түрде жариялап, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартқаны белгілі болған.
Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде күдікті 100 миллион теңгеден астам көлемде заңсыз табыс тапқан. Ақша оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған.
Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
