Актер Берік Айтжанов әлеуметтік желіде жастық шағындағы суретін жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Оның бозбала шағындағы бейнесі көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары оны үнді актеріне ұқсатқан.
Ал актердің өзі жастық шақта неге мән беру керегін айтып, өмірлік ұстанымын жеткізді.
«20 жастағы өзіме айтарым... Асықпа. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Кейде жолың тым ұзақ болып көрінеді, кейде бәрінен шаршайсың. Бірақ дәл сол қиындықтар сені шыңдайды. Адамдардың сөзіне емес, жүрегіңдегі арманға сен. Қателесуден қорықпа, жоғалтудан қорықпа. Өнерде ең маңыздысы — шынайылық пен сабыр. Бір күні сен армандаған рөлдер де келеді, өзіңді түсінетін көрермен де табылады. Тек жолдан тайма және… Ата-анаңның жанында көбірек уақыт өткіз. Өмір өте тез өтеді», — деп жазды актер.
Желі қолданушылары актердің жазбасына жылы пікір білдірді. Сонымен қатар оны Болливуд жұлдызына теңеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
