LRT жобасының екінші кезеңі Қосшы қаласы бағытында орындалды.
Астанада LRT-ның екінші кезеңі басталды: алғашқы тірек құйылды
Фото: gov.kz
108
оқылды

Астанада LRT екінші кезегі аясында алғашқы тірек құйылып, алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

LRT жобасының екінші кезеңін Қосшы қаласы бағытына іске асыру аясында алғашқы тірекке бетон құю жұмысы орындалды. Сонымен қатар Астана қаласындағы бетон зауытында желінің эстакадалық бөлігіне арналған алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды.

Қосшы қаласы бағыты бойынша барлығы 300-ден астам тірек тұрғызу, 538 темірбетонды құрастырмалы эстакадалық арқалықты, сондай-ақ сегіз монолитті арқалықты монтаждау көзделген.

Жобаны іске асыру елорданың көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.