Астанадағы мешіттердің бірінде қымбат брендтік күрте ұрланғаны туралы дерек тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Полицияның мәліметінше, белгісіз ер адам мешітке келіп, дәлізде ілініп тұрған әйелдер киімдерінің арасынан қара түсті “Moncler” брендінің күртесін жасырын түрде алып кеткен. Келтірілген материалдық шығын шамамен 1 миллион теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
