Қарағанды облысының батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.
"Жаңбыр, бұршақ жауады": 6 мамырға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
81
оқылды

Қазгидромет 6 мамырда бірқатар өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Петропавлда түнде жаңбыр, найзағай, екпінді жел болып, түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысының батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-батыс және оңтүстіктен соққан желдің екпіні күндіз батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-батыс және оңтүстіктен соққан желдің екпіні солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с-қа жетеді. Қарағандыда жоғары өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстігінде, шығысында және орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік және солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–23 м/с болады. Оралда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болып, желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15–20 м/с-қа жетеді. Павлодарда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болып, желдің екпіні 18 м/с болады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде жаңбыр жауып, найзағай болады, солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады, солтүстігінде бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–23 м/с-қа жетеді. Ақтөбеде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болып, тұман түседі. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні батысы мен оңтүстігінде 15 м/с-қа жетеді. Қостанайда түнде және таңертең тұман болады.

Астанада түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Атырау облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай болады, батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыс және батыстан соққан желдің екпіні солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с-қа жетеді. Атырауда түнде жаңбыр жауып, найзағай болады, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысының батысында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні батысында 15–20 м/с-қа жетеді. Қызылордада жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні тауда 15–20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні таулы жерлерде 15–20 м/с-қа жетеді.

Абай облысында және Семей қаласында жоғары өрт қаупі бар.

Алматы облысының таулы аймақтарында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Қонаевта жоғары өрт қаупі сақталады. Алматының таулы аймақтарында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде 1 градусқа дейін үсік жүреді. Батысында және солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні түнде солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с-қа жетеді. Көкшетауда түнде желдің екпіні 15–20 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.