Өнер иесі күйеуі ұсыныс айтқанда қатты қобалжығанын жасырмады.
«Марқұм Құрманай Бақтиярқызы түсіме кіріп, белгі берді...»: Айгүл Иманбаева басынан өткен жағдайды айтты (видео)
166
оқылды

Актриса, әнші Айгүл Иманбаева Аман Тасығанға берген сұхбатында күйеуімен қалай танысқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Айтуынша, жолдасы алғашында актрисаны ұлы және келінімен бірге кездесуге шақырған. 

"Ерлан мені кездесуге шақырды. Ұлым мен келінім жанымда екенін айттым. Үшеуің де келіңдер деді. Сол кезде маған деген көңілін ұлым мен келінім байқаған. Кейін екеуміз бөлек шай ішуге кеттік. Сол жерде өзінің 6 жыл бұрын ажырасқанын, студент қызы барын айтты. Мен де өзімнің қола дәуірінде ажырасқанымды айттым. Кейіннен арақашықтықтағы махаббатқа қалай қарайтынымды айтты. Дұрыс қараймын дей салдым", - дейді ол. 

Өнер иесі күйеуі ұсыныс айтқанда қатты қобалжығанын жасырмады.

"Төрт ай уақыт телефонмен сөйлесіп жүрдік. Маған сөз салды. Не деп жауап берерімді білмедім. Ұлыма айтып едім, «Оқыған, өресі биік адам екені көрініп тұр. Одан басқа қандай еркекті іздеп жүрсің?» деді. Анама айтуға қорықтым. Иә, деп бірден келісе алмадым. Аузы күйген үрлеп ішеді. Немере күтіп жүрген әже, шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаз ретінде қателесуге ұялдым. Содан таң намазында Алладан белгі сұрадым. Бір күні түс көрдім. Түсімде ақын Құрманай саусағыма неке жүзігін тақты. Ол кезде тірі еді. Содан бұл - белгі, ол менің адамым дедім", - дейді актриса. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.