ЖІӨ өсімі 3,6%-ға дейін, өңдеу секторы 10%-ға жуық өсті.
Қазақстанның өңдеу секторы соңғы жылдардағы ең жоғары өсім қарқынының бірін көрсетті
Фото: iStock
117
оқылды

Өңдеу өнеркәсібінің өсімі 9,9%-ға дейін жеделдеп, өнеркәсіптің қалпына келуінің негізгі факторына айналды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметтің ақпаратына сілтеме жасап.

Қазақстан экономикасы базалық шикізаттық емес салалар есебінен өсіп келеді.

Құрылыс, көлік және өңдеу салалары ел экономикасының жеделдеуін қамтамасыз етті.

2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 3,6%-ды құрады.
ҰСБ-ның алдын ала деректері:
Өнеркәсіптік өндірісі. Нақты көлем индексі – 102,1%.
Өнеркәсіпті қалпына келтірудің негізгі факторы өңдеу секторының жеделдеуі болды, онда өндіріс 9,9%-ға өсті.
Машина жасау. Өсім – 23,3%.
Көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауары мен жабдығын шығару көлемін ұлғайту есебінен сақталады.
Жеңіл өнеркәсіп 2,3 есе өсті.
Жиһаз өндірісі – 41,7%-ға, фармацевтика – 35,2%-ға, құрылыс материалдары – 27,7%-ға, химия өнеркәсібі – 18,4%-ға, азық-түлік өндірісі 14,4%-ға өсті.
Жалпы, жыл басынан бергі төрт айдағы экономиканың оң динамикасы базалық салалардағы тұрақты өсім есебінен қамтамасыз етілді.
Ең жоғары өсім қарқыны келесі салаларда тіркелді:
құрылыс – 114,5%,  көлік және қоймалау – 112%, өңдеу –  109,9%, сауда  –  105,1%, ауыл шаруашылығы – 103,6%.

Осылайша, ЖІӨ-нің нақты өсімінің қазіргі құрылымы шикізаттық емес сектордың, атап айтқанда құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібінің рөлін күшейтумен сипатталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.