Осы жылы көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына кемінде 750 млрд теңге бағыттау жоспарлануда, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 5 есе артық.
Көктемгі егін егу жұмыстарын қаржыландыру көлемі 5 есеге өсті
Фото: iStock
106
оқылды

Ерте несиелеу тетіктері мен кепілдік беру құралдарын енгізу ағымдағы маусымда диқандарды қолдауды едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Бұл туралы Үкімет отырысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин баяндады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Кең дала 2» бағдарламасы аясында қаражат 18 айға дейінгі мерзімге жылдық 5% мөлшерлемемен беріледі. Қазіргі уақытта несиелеудің жалпы сомасы 534 млрд теңгеден асты, 6,4 млн гектардан астам алқапта егін егіп отырған 4,2 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жеңілдікті қарыздар алды.

«Кепіл тапшылығы мәселесін шешу үшін «Даму» қорының кепілдік беру құралы қарқынды түрде пайдаланылуда, ол несие сомасының 85%-на дейін жабады. Қазіргі уақытта 209 млрд теңгеге 1,5 мың кепілдік берілді. Бұдан басқа, «ҚазАгроҚаржы» арқылы жылдық 5% жеңілдікпен техника лизингі де жалғасуда. Жыл басынан бері диқандарға 180 млрд теңгеден астам сомаға 5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы берілді, бұл көлемнің 90%-ы отандық өндіріске тиесілі», — деді ол.

Премьер-министр Олжас Бектенов бұрын берілген несиелерді қайтаруды бақылауда ұстау және револьверлік механизм бойынша қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

«Мұны да бақылауда ұстау керек, әйтпесе біз жыл сайын қаражат бере алмаймыз. Қаржыландырудың мұндай қомақты көлемі негізінен револьверлік механизм бойынша берілуі тиіс: алдымен қаражат қайтарылады, содан кейін қайтадан беріледі. Осы мәселені бақылауға алыңыз»,  деді Олжас Бектенов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.