ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Өрт сөндірушілер 6 адамды құтқарды
Фото: iStock
105
оқылды

Бүгін 101 пультіне Ақтөбе қаласы Сәңкібай Батыр даңғылында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жетті. Келген сәтте қатты түтін байқалды. Құтқарушылар екінші қабаттағы пәтерде 5 шаршы метр аумақта үй жиһаздары мен тұрмыстық заттардың жануын жедел түрде сөндірді. Баспалдақ және автосаты арқылы өрт сөндірушілер 6 адамды, олардың ішінде 3 баланы құтқарды. Сондай-ақ 72 адам өз бетінше далаға шыққан. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді,- делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.