Екіжақты келіссөздер мен Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысының қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Екі елдің ресми делегация мүшелері мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейдегі құжаттармен алмасты:
1. 1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттама;
2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды құру, аталған мәдени орталықтардың жұмыс істеуі және қызметі туралы келісім;
3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім;
4. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен TAV Holding компаниясы арасындағы инвестициялық келісім;
5. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы «Абай-Акиф» бірлескен бағдарламасын құру ниеті туралы келісім;
6. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Түркия Республикасы Ұлттық білім министрлігі арасындағы Қазақстан Республикасында «Маариф» Түрік қорының екі мектебін ашу ниеті туралы меморандум;
7. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Түркия Телерадио корпорациясы (ТРТ) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
8. Аурухана құрылысын қаржыландыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;
9. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен Türkiye Petrolleri Anonim Ortaklığı арасындағы мұнай сервисі қызметтерін көрсету мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
10. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен Türkiye Petrolleri Anonim Ortaklığı арасындағы мұнай-газ жобаларын бірлесіп іске асыру мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
11. «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Ыстанбұл қаржы орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
12. «АНКА» ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіретін және оларға сервистік қызмет көрсететін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;

Сонымен қатар Түркия Президентінің мемлекеттік сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Қазақстандық халықаралық даму агенттігі (KazAID) мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) арасындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
2. «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы (Astana International Exchange Ltd.) мен «Ыстанбұл қор биржасы» акционерлік қоғамы (Borsa Istanbul Anonim Şirketi) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
