Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау қажет.
Астанада Ш. Айтматов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: gov.kz
109
оқылды

Астанада Ш. Айтматов көшесінің Ұлы Дала даңғылынан Ж. Молдағалиев көшесіне дейінгі аралығында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмысына байланысты 15-18 мамыр аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.