Наурызда ел бойынша 28 493 тұрғын үй мәмілесі жасалған болатын. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Қазақстанда бір айда үй сату 23%-ға өсті
142
оқылды

2026 жылдың сәуір айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 35 154 мәміле тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл көрсеткіш наурыз айымен салыстырғанда 23,4%-ға жоғары. Наурызда ел бойынша 28 493 тұрғын үй мәмілесі жасалған болатын. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Сәуір айында Атырау облысынан басқа барлық өңірде тұрғын үй саудасы артқан. Ең жоғары өсім Ұлытау облысында тіркелді — 55,8%. Одан кейін Қызылорда облысы (+49,4%) мен Абай облысы (+45,7%) орналасқан.

Соған қарамастан, былтырғы сәуірмен салыстырғанда тұрғын үй нарығындағы белсенділік әлі де төмен. 2025 жылдың сәуірінде 36 839 тұрғын үй сатылса, биылғы көрсеткіш одан 4,6%-ға аз.

Өткен жылмен салыстырғанда мәмілелер саны Түркістан облысында айтарлықтай өсіп, 41,5%-ға артқан. Ал ең үлкен құлдырау Ұлытау облысында байқалды, шамамен 28,6%.

Жалпы алғанда, 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларындағы тұрғын үй мәмілелерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға төмендеген.