Ұлттық спортты насихаттауға бағытталған дүбірлі додаға еліміздің түрлі өңірлерінен шабандоздар мен жүйрік тұлпарлар қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Байрақты бәсекені облыс әкімі Асхат Шахаров тамашалады.
Жарыс барысында құнан бәйге, топ бәйге және аламан бәйге бойынша тартысты бәсекелер өтіп, үздіктер анықталды. Қатысушылар жоғары дайындық пен шеберлік көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша:
Құнан бәйге (7 шақырым)
«Бұлдырық» — Нұрдәулет ШҚ (Ақтөбе)
«Самұрық» — Ақниетовтер әулеті (Әйтеке би ауданы)
«Лэндер Лэнд» — Бисенов Айболат (Атырау облысы)
Топ бәйге (15 шақырым)
«Қарқын» — Құрманғали Мақсат (Мұғалжар ауданы)
«Жезкиік» — Серғалиевтер әулеті (Қобда ауданы)
«Эверест» — Нұрдәулет ШҚ (Ақтөбе қаласы)
Аламан бәйге (21 шақырым)
«Торыдауыл» — Киікбаевтар әулеті (Қызылорда облысы)
«Ардагер» — «Нұртас» ат-әбзелдер дүкені (Ақтөбе қаласы)
«Ақтолқын» — Әлімбет (Шымкент қаласы).
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
