Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кения Республикасының президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Кения президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Фото: akorda.kz
140
оқылды

Ертең жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады. Сонымен қатар бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.