Астанада бүгін, 27 мамыр күні қала бойынша барлық білім беру ұйымында 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігінің ақпаратына сілтеме жасап.
Құжаттар офлайн және онлайн форматта қабылданып жатыр. Онлайн қабылдау жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар платформада туындаған жекелеген техникалық ақаулар бойынша тиісті техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз, - делінген арнайы ақпаратта.
1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:
• ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
• №065/у нысанындағы медициналық анықтама;
• №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
• 3×4 см өлшеміндегі 2 фотосурет.
Құжат қабылдау 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
