Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
"От шатырға тарады": Петропавлдағы қоймада өрт шықты
фото: www.istockphoto.com
103
оқылды

Петропавл қаласында жекеменшік мекемелердің біріне тиесілі қойма ғимаратында өндірістік жабдық өртенді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қатты тұтанған өрт шатырға тарай бастады. Оқиға орнына Төтенше жағдай министрлігінің күштері мен құралдары жоғары шақыру дәрежесі бойынша жұмылдырыла білді. Нәтижесінде өрт 50 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Құтқарушылар тілсіз жаудың одан әрі жайылуына жол бермеді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.