Ол жалпы есепте бірінші орынға көтерілді.
FIDE рейтинг жариялады: Бибісара Асаубаева әйелдер арасында көш бастап тұр
173
оқылды

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) Norway Chess Women турнирі аяқталғаннан кейін әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады. Онда қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы рейтингте көш бастаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

FIDE мәліметінше, рейтингке әсер ететін Norway Chess Women турнирі (FIDE Women’s Circuit есептеуіне кіретін екі жарыстың бірі) биылғы мамыр-маусым айларындағы жалпы кестедегі көрсеткіштер арақатынасын айтарлықтай өзгертті.

"Бибісара Асаубаева бұл турнирдегі жеңісінің арқасында 29,7 ұпай жинап, жалпы есепте бірінші орынға көтерілді. Одан кейін 21,6 ұпаймен қытайлық шахматшы Чжу Цзиньэр екінші орынға шықты. Екеуі де бұрынғы көшбасшы Вайшали Рамешбабудан озып кетті, ол қазір үшінші орында", делінген FIDE хабарламасында.

Ал ерлер арасында көшбасшылықты өзбекстандық Нодирбек Абдусатторов сақтап қалған. 

"Мамырдағы турнирлерден кейін Нодирбек Абдусатторов FIDE Circuit 2026-2027 жарысында Жавохир Синдаровтан сәл ғана алда тұр. Абдусатторов TePe Sigeman турнирінде 7,25 ұпай жинаса, Синдаров Super Chess Classic Romania жарысында 8,53 ұпай алып, арақашықтықты қысқартты", дейді федерациядағылар.

Үшінші орында Super Rapid and Blitz Poland және Super Chess Classic Romania турнирлерінде жалпы 28,93 ұпай жинаған америкалық гроссмейстер Фабиано Каруана тұр.