Ведомствоның мәліметінше, жолдағы қауіпсіздік әрбір қозғалысқа қатысушының жауапкершілігіне тікелей байланысты.
Қостанай облысындағы жол апатынан екі адам көз жұмды
124
оқылды

Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолында Mazda және Chevrolet Cobalt маркалы автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы үш адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Оқиға бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ жол және ауа райы жағдайларын ескеріп, қауіпсіз жылдамдықты таңдаудың, арақашықтықты сақтаудың және көлік тізгінінде барынша мұқият болудың маңызын еске салды.

Ведомствоның мәліметінше, жолдағы қауіпсіздік әрбір қозғалысқа қатысушының жауапкершілігіне тікелей байланысты.