Жаздың басталуымен отбасылар ұзақ серуенге жиі шығады.
Сауалнама: қазақстандықтардың 60%-ы балалар арбасымен жүруге қолайсыз ортаға тап болады
151
оқылды

Осындайда қалалық инфрақұрылымның даму мәселесі ойландырмай қоймайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

3000 респонденттің қатысуымен жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, азаматтардың жартысынан астамы (59,8%-ы) көшеде балалар арбасын пайдаланудың қолайсыздығын атап өткен. Отбасылардың 40,8%-ы үшін бұл қиындықтар күнделікті сипатқа ие болса, 19%-ы өте өзекті мәселе екенін айтқан.

Осылайша, отбасылардың ашық аспан астындағы жазғы белсенділігі ата-аналар мен балалар үшін бейімделген, инклюзивті және қолайлы қалалық инфрақұрылым құруға деген сұраныстың жоғары екенін тағы бір мәрте еске салады.