Қазгидромет 10 маусымдағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, сәрсенбі күні ел аумағында ауа райы құбылмалы болады.
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде нөсер жауын-шашын жауады.
Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-батыс, батыс және оңтүстік-батыс аймақтарда түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, сондай-ақ Жетісу және Абай облыстарында күн қатты ысып, ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін көтеріледі.
Сонымен қатар Түркістан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Қостанай, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.
Ал Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында төтенше өрт қаупі бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
