Алайда агенттік банк құпиясының нақты қандай жағдайда және қандай ақпарат бойынша жария болғанын нақтыламады.
Home Credit Bank: Банк құпиясын жария еткені үшін айыппұл төледі
фото: www.istockphoto.com
170
оқылды

Home Credit Bank (ForteBank-тің еншілес банкі) банк құпиясын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Агенттік мәліметінше, 2026 жылғы 9 маусымда Қарағанды қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы банкке қатысты әкімшілік шара қолданған.

Банкке Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 185-бабы бойынша, яғни банк құпиясын жария еткені үшін 216 250 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, айыппұл салу туралы шешім қабылданған және ол орындалуға жатады.