Қазір 30 адам полицияға арыз жазған. Құқық қорғау органдары бірнеше рет жасалған алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
"Вьетнам және Мальдив аралдарына арзан жолдама": Алматыда туристік агенттіктің басшылары қамауға алынды
фото: www.istockphoto.com
219
оқылды

Алматыда туристік агенттік басшыларына қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мәліметінше, компания Түркия, Таиланд, Вьетнам және Мальдив аралдарына арзан бағамен жолдама ұсынып, клиенттерден ақша жинаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.сайты КТК арнасына сілтеме жасап. 

Туристердің айтуынша, жолдамалардың құны 800 мыңнан 2,5 миллион теңгеге дейін жеткен. Алайда сапар күндері бірнеше рет кейінге шегеріліп, кейін мүлде жүзеге аспаған. Клиенттер кеңсеге келгенде оның бос тұрғанын көрген.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, іс бойынша үш күдікті анықталып, қамауға алынған. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, ірі көлемде айыппұл салынуы немесе жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.