Мақсұт Нәлібаев әділетті әрі прогрессивті қоғам құру үшін барлық саяси күштердің ортақ мақсат жолында бірігуі маңызды екенін атап өтті.
Мақсұт Нәлібаев: Елдің қуаты мен тұрақтылығы – бірлікте
156
оқылды

Бүгін Астанада «AMANAT» партиясының кезекті XXVI съезі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осыған байланысты Қызылорда облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мақсұт Нәлібаев партияның кезекті съезінің маңыздылығына тоқталды.

Оның айтуынша, съезге дейін еліміздің барлық өңірлерінде, аудандық, қалалық және облыстық деңгейде конференциялар өтіп, 2023-2026 жылдарға арналған партияның сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылды. Осы конференцияларда делегаттар сайланып, бүгін олар Астанадағы партия съезіне қатысып отыр.

«Бұл съездің ерекшелігі – партия өткен кезеңдегі жұмысына есеп береді. Сонымен қатар елімізде жүргізілген саяси реформалар, республикалық референдум және жаңа Конституцияның қабылдануы сияқты маңызды өзгерістердің нәтижелері талқыланады», – деді ол.

Мақсұт Нәлібаев әділетті әрі прогрессивті қоғам құру үшін барлық саяси күштердің ортақ мақсат жолында бірігуі маңызды екенін атап өтті.

«Елдің қуаты мен тұрақтылығы – оның бірлігінде. Тарихымызға көз жүгіртсек, халқымыз бірліктің арқасында ішкі мәселелерді де, сыртқы қауіптерді де еңсерген. Барлық партиялардың түпкі мақсаты – елдің дамуы мен өркендеуі. Сондықтан съезд жұмысына сәттілік тілеймін», – деді ол.