Алакөл жағалауында жазғы туристік маусымға дайындық аяқталуға жақын.
Алакөлде шомылу 15 маусымда басталады
124
оқылды

Жетісу облысындағы Ақши мен Көктұма ауылдарында инфрақұрылымды жаңарту, абаттандыру және қауіпсіздікті күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жағалауда жеті пирс салынып, 30 киім ауыстыратын кабина мен 45 биоәжетхана орнатылуда. Сонымен қатар аумаққа қоқыс жәшіктері қойылып, тазалық жұмыстары күшейтілген.

Демалушылардың қауіпсіздігі үшін 31 құтқару мұнарасы орнатылған. Шомылуға арналған аумақтар арнайы қалқыма белгілермен қоршалып, олардың ұзындығы 13 шақырымға жетеді.

Бұдан бөлек, жағалауда интеллектуалды бейнебақылау жүйесі іске қосылып жатыр. Камералар судағы жағдайды бақылап, төтенше оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Алакөлде шомылу маусымы 15 маусымда басталады.