Абай облысының оңтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай.
“Аптап ыстық болады”: 17 маусымға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
230
оқылды

Қазгидромет 17 маусымда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының батысында, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-шыгыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз 35-36 градус аптап ыстық сақталады. Облыстың орталығында жоғары өрт каупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жоғары өрт каупі сақталады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-37 градус аптап ыстық болады. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда күндіз 35-37 градус аптап ыстық болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35-37 градус ыстық. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі бар. Қарағандыда таңертең және күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жауады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус аптап ыстық. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда өткінші жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз аптап ыстық, 35 градус. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында өткінші жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар. Өскеменде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз жаңбыр, найзағай. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.