Қазгидромет 23 маусымда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40-41 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Шымкентте 23 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 23 маусымда күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қарағанды облысының батысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 23 маусымда күннің соңында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күннің соңындағы екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстінде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың шығысында 35 градус ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 23 маусымда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда шанды дауыл тұрады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 23 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 23 маусымда солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 23 маусымда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 23 маусымда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Павлодар облысында 35-38 градус қатты ыстық болып, облысында жоғары өрт қаупі, облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 23 маусымда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндізгі екпіні 25 м/с дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болады. Семейде 23 маусымда солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 23 маусымда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі бар. Петропавлда 23 маусымда күндіз жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.
Астанада 23 маусымда күндіз шаңды дауыл тұрады, күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, елордада жоғары өрт қаупі болады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстік-батысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 38-40 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 23 маусымда солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі болады. Көкшетауда 23 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады.
Күндіз Алматы облысында 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 23 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 23 маусымда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 23 маусымда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
