Қазгидромет 3 шілдеде ауа райына байланысты барлық өңірде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің бірқатар аймағында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел және дауыл болады.
Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ жауады.
Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Алматы қаласы мен Алматы облысында нөсер жаңбырға байланысты Іле және Күнгей Алатауында сел жүру қаупі бар. Жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейетін шквал болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.
Маңғыстау облысында жаңбыр мен найзағай. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді.
Ақтөбе облысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді.
Абай облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанып отыр. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында өткінші жаңбыр мен найзағай. Облыстың батысында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жететін шквал. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, шквал болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Түркістан облысында өткінші жаңбыр мен найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және секундына 15-20 метрге дейін жететін шквал болады.
Қызылорда облысында жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында жаңбыр мен найзағай, таулы аудандарда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
