Михаил Ломтадзе Kaspi.kz инновацияларының жаңа кезеңін бастады.
Сізге не керегін айтыңыз, Kasper Kaspi магазиннен қажетті тауарды таңдап береді
Михаил Ломтадзе Kasper-ді таныстыруда. Фото: Kaspi.kz
173
оқылды

«Егер Kaspi маған шынымен сәйкес келетін тауарды өзі таңдап берсе қайтеді?» Алматыда өткен таныстырылымда Kaspi.kz компаниясының басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе қонақтарға осындай сұрақ қойды. Ал сұрақтың жауабы – компанияның жаңа қызметі, жеке AI-көмекші Kasper болды.

Kasper қазақстандықтарға Kaspi Магазиннен қажетті тауарды тез әрі оңай таңдауға көмектеседі. Жаңа сервис қазақ және орыс тілінде жұмыс істейді, дауыстық және мәтіндік сұраныстарды түсінеді, нақтылау үшін қосымша сұрақтар қояды, күрделі техникалық сипаттамаларды қарапайым тілмен түсіндіреді, тауарларды салыстырып, пайдаланушыға ең қолайлы нұсқаны ұсынады.

Таныстырылым 1 шілде күні Алматыда «Қалыптан шығу уақыты келді!» деген ұранмен өтті. Соңғы сәтке дейін ұйымдастырушылар кештің нақты не туралы болатынын жарияламады. Қонақтарға берілген жалғыз ишара құпия виртуалды көмекшінің суреті бейнеленген декорациялар болды.

Фото: Kaspi.kz

Михаил Ломтадзенің айтуынша, бүгінде сатып алушылар үшін басты мәселе – тауарды табу емес, миллиондаған ұсыныстың ішінен өзіне ең қолайлысын таңдау.

«Kaspi Магазинде қазірдің өзінде 20 миллион тауар бар. Біз ойланып көрдік: күрделі терминдерді қарапайым тілмен түсіндіріп, адамға сенімді таңдау жасауға көмектесетін, әртүрлі үлгілерді салыстырып, пайдаланушының нақты не іздеп отырғанын түсінетін көмекші болса, керемет болар еді», – деді Михаил Ломтадзе.

Жаңа AI –- көмекшіге Kasper атауы берілді. Онымен қазақ және орыс тілінде мәтін арқылы да, дауыс арқылы да сөйлесуге болады.

Михаил Ломтадзенің айтуынша, компанияның мақсаты – жеке AI-көмекшіні әрбір қазақстандыққа қолжетімді ету.

«Біздің мақсатымыз орындалса, жеке көмекші тек басшылар мен азғана адамдардың емес, Kaspi қосымшасындағы әрбір қазақстандықтың көмекшісіне айналар еді. Ол күнделікті міндеттерді әлдеқайда оңай әрі жылдам шешуге көмектеседі», – деді ол.

Михаил Ломтадзе Фото: Kaspi.kz

Жаңа AI-көмекшіні алғаш болып таныстырылымға келген қонақтар сынап көрді. Іске қосылғаны жарияланғаннан кейін Kasper бірден іс-шараға қатысушылардың Kaspi.kz қосымшасында пайда болды.

Кәсіпкер Виктория Моминбаева алғашқы сатып алуды бір минутқа жетпейтін уақытта рәсімдегенін айтты.

«Бүгін Kasper арқылы алғашқы сатып алушы мен болдым. Залдан шықпай жатып, өзіме құлаққап сатып алдым. Одан ұшақта тағуға ыңғайлы әрі ең жылдам жеткізілетін модельді ұсынуын сұрадым. Бір минуттың ішінде сатып алу рәсімделді», – деді ол.

Телерадио жүргізушісі Әнел Әлиасқардың пікірінше, жаңа AI-көмекші күнделікті сауданы бұрынғыдан да жеңілдетеді.

«Kaspi әрдайым ең озық идеяларды жүзеге асырады. Меніңше, Kaspi AI жақын болашақта күнделікті өмірді онсыз елестету қиын болатын функциялардың біріне айналады. Мен бес баланың анасымын, тауарды өзім таңдағанды жақсы көремін, бірақ оған көп уақыт кетеді. Енді бұл процесті әлдеқайда жылдам аяқтауға болады. Бұл – өте керемет», – деді ол.

Әнел Әлиасқар Фото: Kaspi.kz 

Фотограф Дмитрий Доценко жаңа көмекшіні әдеттен тыс тапсырмамен сынап көрген.

«Мен Kasper-ден құстарды түсіруге арналған объектив тауып беруін сұрадым. Ол алдымен қандай фотоаппарат қолданатынымды, құсты ұшу кезінде ме, әлде ағашта отырған кезде ме түсіретінімді нақтылады. Содан кейін соған сәйкес келетін объективті ұсынды. Бұл шынымен уақытты үнемдейді», – деді фотограф.

Блогер әрі музыкант Александр Цойды жаңа сервистің бірден қосымшада пайда болғаны ерекше таңғалдырған.

«Маған бұл идея өте ұнады. Қосымшаны ашсам, Kasper дайын тұр екен. Бұл сиқыр сияқты әсер қалдырды», – деді ол.

Фото: Kaspi.kz

Шілде айының ішінде AI-көмекші Алматы тұрғындарына қолжетімді болады. Одан кейін сервис кезең-кезеңімен Қазақстанның барлық өңіріндегі пайдаланушыларға ұсынылады. Kaspi.kz компаниясының мәліметінше, тауар таңдауға көмектесу – Kasper мүмкіндіктерінің алғашқы кезеңі ғана. Болашақта жеке AI-көмекші қазақстандықтарға күнделікті өмірдегі басқа да түрлі міндеттерді де шешуге көмектеседі.