Қазгидромет 4 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, күндіз Атырау облысында 35 градус ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысында 35 градус аптап ыстық.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай. Күндіз облыстың таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Облыстың батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Шымкентте өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістанда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының шығысы мен солтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен орталығында тұман түседі.
Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында түнде жаңбыр, найзағай, таулы аудандарда кей уақытта жаңбыр жауады. Күндіз жаңбыр жауып, таулы аудандарда жаңбыр, бұршақ болады. Түнде және таңертең облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында кей уақытта 23-28 м/с жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Талдықорғанда күндіз жаңбыр, найзағай. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде жаңбыр, найзағай. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ болады. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с болады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстік-батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Өскеменде түнде жаңбыр, найзағай. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде және орталығында түнде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде және орталығында жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с болады. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында аздаған жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.
Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде түнде аздаған жаңбыр, найзағай. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде жаңбыр, найзағай, таулы аудандарда кей уақытта жаңбыр жауады. Күндіз жаңбыр, найзағай болады, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с жетеді. Облыстың солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы қаласында күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және дауыл болады. Батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қонаевта күндіз жаңбыр, найзағай және дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысы мен оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с жетеді.
Петропавлда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жаңбыр, найзағай. Таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Таразда кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ пен дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қостанайда жаңбыр мен найзағай.
Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодарда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысында жаңбыр, найзағай. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 25 м/с жетеді. Облыстың шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Көкшетауда жаңбыр, найзағай. Күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
