Ақсақалдың айтуынша, ол 40 жыл бойы шалғай сахарада атпен жүріп, қандай қиын ауа райы болса да халыққа медициналық көмек көрсеткен.
«3200 сәбидің өмірге келуіне себепші болдым»: Қытайдың ең жоғары марапатын алған қазақ елге үндеу жасады
169
оқылды

Жуырда Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің қолынан елдің ең жоғары мемлекеттік марапатын алған этникалық қазақ, ардагер дәрігер Оқас Сүлеймен барша қазақ халқына жүрекжарды үндеу жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ақсақалдың айтуынша, ол 40 жыл бойы шалғай сахарада атпен жүріп, қандай қиын ауа райы болса да халыққа медициналық көмек көрсеткен. Осы жылдар ішінде 3200 сәбидің аман-есен дүниеге келуіне себепші болғанын айтқан дәрігер жас ұрпақты адамгершілікке, еңбекқорлыққа және елге адал қызмет етуге үндеді.

«Өздеріңнен мың шақырым жырақта болсам да, көңілім өздеріңмен бірге. Мен Шағантой ауданынан Оқас аталарыңмын. 40 жыл сахарада ат мініп, қақаған аязға қарамай өмірімді адал кәсіпке арнадым. Өздеріңдей 3200 сәбидің аман-есен дүниеге келуіне себепші болдым. Мен өзгелерге жылу сыйладым.

"Адам болу керек" деген ұғымды жаныма берік сақтадым. Сендердің кең сахарада тай-құлындай асыр салып, алаңсыз ойнауларыңды тілеймін. Сендер, батыр бабаларыңның ұрпағысыңдар!», – деді Оқас Сүлеймен.