Синоптиктер бірнеше өңірге дауылды ескерту жариялады.
Аптап ыстық, жаңбыр, өрт қаупі: 7 шілдеге ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
172
оқылды

Қазгидромет 7 шілдеге ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Синоптиктер Астана, Алматы қалалары мен еліміздің 17 облысында қолайсыз әрі қауіпті табиғи құбылыстар болатынын болжады.

Еліміздің бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ жауады, батыс пен оңтүстік өңірлерде аптап ыстық пен өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Синоптиктер бірнеше өңірге дауылды ескерту жариялады. Қарағанды облысының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер мен бұршақ түседі. Желдің екпіні секундына 15–18 метрге дейін күшейеді. Сонымен қатар өңірде өрт қаупі жоғары сақталады.

Алматы қаласы мен облысында, сондай-ақ Іле Алатауында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетіп, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.

Атырау облысында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай мен бұршақ. Желдің екпіні 15–20 метрге дейін күшейіп, күндіз 35 градус ыстық болады.

Батыс Қазақстан облысының бірқатар ауданында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман түседі. Ал күндіз жел күшейіп, ауа температурасы 38–41 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады.

Ақтөбе облысында түнде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Күндіз жауын күшейіп, кей жерлерде нөсерге ұласады. Желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетуі мүмкін, ал ауа температурасы 35–37 градус болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Желдің екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді. Сонымен қатар өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Күндіз 35-37 градус ыстық. Жезқазғанда кей уақыттарда аздаған жаңбыр, найзағай. Күндіз қатты ыстық 35 градус.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай. Күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40 градус ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40 градус ыстық болады.

Қызылорда облысында 40-41 градус ыстық. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз 40 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус ыстық.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 35-36 градус ыстық.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.