Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезі өтіп жатыр. Еліміздің барлық өңірінен келген мыңнан астам делегат, облыстық филиалдардың, қоғамдық бірлестік өкілдері, сарапшылар да қатысуда.
Ел игілігі үшін жұмыс істейміз – Шерзод Полатов
128
оқылды

"Әділет" партиясының Саяси кеңесінің мүшесі, Астана қаласындағы "Өзбек" этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Болатов бүгінгі басқосудың елге берер маңызы жайлы сөз қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оның айтуынша, бүгінгі  "Әділет" партиясының кезектен тыс өтіп жатқан жиыны – ертеңгі тарихы.

– Бүгінгі "Әділет" партиясының  кезектен тыс ІІІ съезі – біз үшін тарихи жүздесу. Бұл басқосудың мақсаты – партиямыздың ары қарайғы жұмысын ғана емес, бағыт-бағдарын талқылап, елдің игілігі мен мемлекеттің тұтастығын бекіте түсуіне ықпал ететін шешімдерді қабылдау. Еліміз жаңа кезеңге өтті. 

Біздің міндет – бүгін талқыланған мәселелердің шешімін табу. Әсіресе, партияның ұстанған бағыттары жаңа Конституцияны іске асыру болып саналады. Өйткені "Әділет" партиясы әрбір адамның мұң-мұқтажын тыңдап қана қоймай, сол мәселелерді үлкен алаңдар талқылап, қозғау салып, шешімін табуды қолға алып отыр.

Партиямыздың негізгі жұмысы жастарға бағытталғанын байқауға болады. Партияның ұстанған бағыттары – жаңа Конституцияны іске асыру және ертеңгі әділетті ел болуының бірден-бір негізі. Сондықтан біздің басты міндет – Әділетті Қазақстан құндылықтарын қорғау және қоғамдағы әділдік қағидаларын нығайту. Яғни, бұл әділеттілікті орнатуға және әрбір адамға әділеттілікті жеткізу керегін көрсетеді. Осындай бағытпен біз жақсылыққа жетеміз, – деді ол.