Астанада Тәуелсіздік сарайында «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезі өтіп жатыр.
Тың бастама елдің дамуына үлес қосады – Наурызбай Байқадамов
158
оқылды

«Әділет» партиясының кезектен тыс III съезіне өңірлерден мыңнан астам делегат келді. 

Қызылорда облысынан келген делегат, «Әділет» партиясының мүшесі Наурызбай Байқадамов бүгінгі күн ел үшін маңызды екенін айтты.  

«Бүгін «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезіне Қызылорда өңірінен келіп отырмын. Бүгінгі басқосу Қазақ елінің дамуына серпін береді деп ойлаймын. Ед дамуы үшін әр кезде жаңа бастамалар керек. Биыл Қазақстан үшін жаңа Конституцияның қолданысқа енуі ең маңызды  жаңалық болды. Бүгін Әділетті Қазақстанды қалыптастыру үшін бірлесе отырып ортақ шешімдер қабылданады деп сенемін. Бүгінгі съезді тарихи басқосу деп айтуымызға болады. Тың бастамалар елдің дамуына үлес қосады», – деді «Әділет» партиясының мүшесі Наурызбай Байқадамов. 

Бұған дейін Абай облысынан келген делегат Ролан Ибраимов «Әділет» партиясы жастарға сенім артып отырғанын  айтқан болатын.